​Шымкентте полиция бастығы тұрғындармен кезекті көшпелі кездесу өткізді

0
71

Полиция департаментінің бастығы тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті түсіндірмелер берді.


​Шымкентте полиция бастығы тұрғындармен кезекті көшпелі кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев тұрғындармен ашық диалог орнату және олардың өзекті мәселелерін тыңдау мақсатында кезекті көшпелі кездесу өткізді.

Бұл жолғы кездесу Еңбекші ауданына қарасты Қарабастау, Чапаевка, Ворошиловка, Көксай және Еламан елді мекендерінің тұрғындарымен өтті. Кездесу барысында азаматтар қоғамдық және жол қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Полиция департаментінің бастығы тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар жауапты қызмет басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.
Бөлісу