Шымкентте шалғай елді мекендерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіледі

0
315

Ауданның шалғай елді мекендерінің тазалығына «ЛТД-Тұрмыс» мекемесі жауапты.


Шымкентте шалғай елді мекендерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіледі

Шымкент қаласы Абай ауданындағы орталық көшелер мен шалғай елді мекендерде көгалдандыру, жасыл желекті суару және тазалық жұмысы тұрақты жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда ағаштарды біріңғай формаға келтіру және жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков, Өтегенов, Рысқұлов, Момышұлы және Темірлан тас жолы секілді негізгі көшелерде атқарылып отыр.
Аудандағы жасыл желекке жауапты «Build strip» мердігер мекемесі. Мердігер атқарған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі бақылауға алып, мамандар тарапынан қадағаланып отыр.
Ауданның шалғай елді мекендерінің тазалығына «ЛТД-Тұрмыс» мекемесі жауапты. Мекеменің 45 коммуналдық қызметкері мен 6 техникасы аптасына бір рет тазалық жұмысын жүргізеді.
Олар Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Көкұлақ, Тәуелсіздікке-20 жыл және Алтынтөбе тұрғын алаптарындағы көше бойлары мен темір жол жағасын қоқыстан арылтады.
Сонымен қатар, ауданда санитарлық-тазалық жұмыстарын жандандыру және тұрғындар тазалыққа белсене атсалысуы үшін сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.