Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Ақжар шалғай елді-мекенінде өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" Абай ауданының жанынан құрылған "Мобильді топ" мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Ақжар шалғай елді- мекенінде өтті.
Аталған ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты - "Жастардан жастарға - ақпараттық керуен" жобасы аясында шалғай елді- мекендерде орналасқан жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.