Биыл қазақтың біртуар ұлы Смағұл Сәдуақасұлының дүниеге келгеніне 120 жыл.
Биыл қазақтың біртуар ұлы Смағұл Сәдуақасұлының дүниеге келгеніне 120 жыл. Осыған орай Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде Алаш тұлғасының мерейтойына арналған танымдық кеш өтті, деп хабарлай ERNUR.KZ.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиын қонақтары алдымен Алаш қайраткеріне арналған "Жұлдыз ғұмыр" деректі фильмін тамашалады.
- Смағұл Сәдуақасұлы 33 жыл ғана өмір сүрді. Қысқа ғұмырында қазақ елінің өркендеуіне өлшеусіз еңбек етті. Аянбастан тер төкті. Бірақ солақай саясаттың құрбаны болды, - деген Бекнұр Жүсіпұлы Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерліқ болмысын ашты.