Шымкентте спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 460 мыңға жуықтады

0
1 045

Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіші 59,9 %-ға асыра орындалды.


Шымкентте спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 460 мыңға жуықтады

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны жалпы халықтың 50%-ын қамту көрсеткіші бекітілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 458 852 адамды, яғни, қала тұрғындарының 42%-ын құрады.

Сондай-ақ, 2022 жылғы жоспар бойынша мегаполис халықының 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 51%-ға жеткізу болатын, жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 59,9 %-ға асыра орындалды.

Одан бөлек, спорт мекемелерінің және жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бойынша Абай ауданында 46 мекенжайда, Әл-Фараби ауданында 49 мекенжайда, Еңбекші ауданында 35 мекенжайда, Қаратау ауданында 59 мекенжайда, Тұран ауданында 48 мекенжайда спорттық секциялар жұмыс істейді.

Спорт кешендері, стадиондар, футбол манеждері, фитнес-тренажер залдары бойынша Абай ауданында 14, Әл-Фараби ауданында 37, Еңбекші ауданында 8, Қаратау ауданында 34, Тұран ауданында 33 спорттық нысан бар.

Айта кетейік, Шымкентте ұлттық спорт түрімен шұғылданатын азаматтар саны артып, 20 742 адамға жетті. 2022 жылдың статистикалық қорытындысына сәйкес, шымкенттіктердің 42 пайызы, яғни 498 852 адам дене тәрбиесімен айналысып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын азаматтар оның 4.1 пайызын құрап отыр. Мегаполисте ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамыту мақсатында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы жұмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген 2 жаттықтырушы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер, жастар, ересектер құрама командасының тізімінде 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 ҚР спорт шебері, 111 Спорт шеберіне үміткер және І спорттық дәрежедегі 57 спортшы бар.