Студенттерге зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылып, өмірде дұрыс таңдау жасау, білім мен спортқа бет бұру, қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен студенттермен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі мен алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ «Есірткіге жол жоқ» қағидатын дәріптеу арқылы құқықтық және қоғамдық мәдениетті қалыптастыру.
Кездесу барысында басқарма қызметкерлері есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсерлері жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңда синтетикалық есірткінің таралу жолдары, интернет арқылы жүзеге асырылатын заңсыз әрекеттер және олардың құқықтық салдары туралы маңызды ақпараттар берілді.
Студенттерге зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылып, өмірде дұрыс таңдау жасау, білім мен спортқа бет бұру, қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарымен ашық пікір алмасты.


