Шымкентте су басу қаупі бар аумақтар жіті бақылауға алынған

0
489

Толассыз жауған жауынның салдарынан Шымкент қаласының көшелерін су басты.


Шымкентте су басу қаупі бар аумақтар жіті бақылауға алынған

ERNUR.KZ. Шымкентте ауа райының құбылуына байланысты орын алған жағдай бойынша әкімдік қалада су басу қаупінің алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Толассыз жауған жауынның салдарынан Шымкент қаласының көшелерін су басты.

Бүгінгі күні ешқандай қауіп салдары байқалмады. Өзен су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр. Төтенше жағдай орын алатындай болжам көрсетілмеді. Мамандар тәулік бойы апаттық жағдайдағы аумақтарды анықтап, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелерді тазалауда, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Ауа-райына байланысты Еңбекші аудан аумағындағы су басу қауіпі бар деген аймақтарға «Группа Интеко» ЖШС тарапынан 5 су тартатын жүк көлігі,1 ассенизатор 3 мотопомпа және 15 жұмысшы мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасынан 1 ассенизатор 3 мотопомпа және 15 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Еңбекші» КММ тарапынан: 2 – Ассенизатор 5 - мотопомпа және 30 жұмысшы қазіргі кезде жауын-шашын салдарынан Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысындағы, И.Тайманұлы көшесіндегі, Береке айналма жолы көпір асты жолындағы, Бердіқожа батыр көшесі мен Әшіров көшесіне жиналған суды тартуда.

Қазіргі таңда (13) аумақта Қарабастау тұрғын алабы Ж.Қамбарұлы көшесіндегі, Қаратөбе тас жолы 38 үйдің жанында, Сиреневая, Алатау, Жасын, Сарықалтақ, Асубұлақ, Ұйымшыл көшелеріндегі жаңбыр салдарынан жиналған суды тарту жұмыстары жүргізілуде.


Ал Тұран ауданында 13 жерде су басу жағдайы орын алды. Оның ішінде 11 орында су тартылды. Қалған 2 орында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Су тарту жұмыстарына 8 ассенизатор, 15 мотопомпа, 65 жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар, 200 қап топырақ әзірленіп, су тасыған орынған бекітілді.

Қаратау ауданы бойынша «Жасыл Жер» ЖШС, «Қаратау» МКК және Төтенше жағдайлар басқармасы жұмысшылары мен техникалары су толған көшелерді судан тазарту жұмыстарын атқарып жатыр.
Судан тазартуға 7 машина, 9 сусорғыш, 2 су тартатын камаз бөшке және 50 жұмысшы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда Нұртас шағын ауданының Саяхат, Шұғыла, Кәусар көшелерін, Тассай тұрғын алабының Байтуған және Қазансу көшелерін, Қайтпас шағын ауданының Қахарман, Бәйдібек би көшелерін, Солтүстік-Шығыс шағын ауданының Ерімбетов көшесін судан тазарту жұмыстары қарқынды жүруде.


Абай ауданы аумағындағы аулалар мен көшелерді, тіпті тұрғын үйлердің маңайын жаңбыр суы басып, қолайсыздық тудырды.

Қазіргі кезде Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқаруда.

Жеке құрам қызметкерлері мотопомпалармен су арнасын бұру, жиналған суды сору жұмыстарын атқарып жатыр. Қазір көшелер мен аула аумақтарында су сору жұмыстары жалғасуда.


Әл-Фараби ауданы аумағындағы 109 басты көшелерде су сорғызу жұмыстарына "Таза өлке" ЖШС тарапынан 2 мотопомпа, 3 ассенизатор 30 жұмысшылар, ал ішкі орам көшелеріне "Әл-Фараби" КММ тарапынан 3 ассенизатор, 2 мотопомба, 20 жұмысшылар жұмылдырылуда.