Су қоймаларының толуы 15-42% құрайды.
Шымкент қаласында су тасқынына байланысты оқу-жаттығу 4-5 наурызда өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Көктемгі кезеңде ықтимал су тасқынына байланысты қала аумағында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 4-5 наурыз аралығында өткізіледі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты көктемгі кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерінің әзірлігін, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жай-күйін тексеру болып табылады. Республиканың су тасқыны қауіпті аймақтарға және су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін Департамент 48 жеке құрам, 7 бірлік арнайы техника, 13 дана мотопомпа, 4 қайық және 14 күнге құрғақ азық-түлік қорымен қамтамасыз күштер мен құралдар топтамасы дайындалған.