Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50-ге жуық қылмыс тіркелді

0
514

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды.


Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50-ге жуық қылмыс тіркелді

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ағымдағы жылдың 8 айдағы қызметінің нәтижелері бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атқарылған жұмыстармен таныстырған Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев жыл басынан Департаментпен 63 қылмыс тіркелгенін, оның ішінде 45 сыбайлас жемқорлық сипатындағы екенін атап өтті.
Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. Жымқыру фактілері бойынша 17 және парақорлық фактілері бойынша 30 қылмыс тіркелді.
Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында- 13, құрылыс саласында 12, білім – 8, денсаулық сақтау – 7, салық және жер қатынастары салаларында - 3 қылмыстан тіркелген. Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 29 тұлға әшкерленді.
Тіркелген қылмыстық істер бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд. 607 млн. теңге өтелген.