Шымкентте талапкерлерге арналған ауқымды білім көрмесі ұйымдастырылды

0
78

Көрменің басты мақсаты - талапкерлерге еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары мен Қазақстанда ашылған шетелдік университет филиалдарының білім беру мүмкіндіктерін жан-жақты таныстыру.


Шымкентте талапкерлерге арналған ауқымды білім көрмесі ұйымдастырылды

Шымкент қаласында «Study in Kazakhstan – 2026» атты ауқымды білім көрмесі өз жұмысын жалғастырды.

Үш жылдан бері жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жоба биыл Қазақстанның 17 өңірін қамтып, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы, Тараз қалаларында ұйымдастырылған болатын. Бүгінде маңызды шара Шымкентте өтіп, мыңдаған талапкерге бағыт-бағдар берді.

Көрменің басты мақсаты - талапкерлерге еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары мен Қазақстанда ашылған шетелдік университет филиалдарының білім беру мүмкіндіктерін жан-жақты таныстыру. Аталған алаңда 60-тан астам отандық жоғары оқу орны мен халықаралық деңгейдегі оқу орындарының филиалдары бас қосып, жастарға сапалы білім алудың жаңа жолдарын ұсынды.
Іс-шара барысында талапкерлер тек оқу орындары туралы ақпарат алып қана қоймай, мамандық таңдауға қатысты кеңестерге де ие болды. Арнайы шақырылған кәсіби бағдар беруші мамандар жастарға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесті.
Көрменің ерекшелігі - Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың таныстырылуында. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында АҚШ-тың жетекші инновациялық оқу орындарының бірі – Arizona State University-мен бірлескен жаңа жоба ашу жоспарланып отыр. Бұл жоба қазақстандық жастарға халықаралық стандарттарға сай білім алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі Гази университеті филиалының ашылуы да білім беру саласындағы маңызды қадамдардың бірі.
Бөлісу