Бұл туралы Шымкент қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
27 наурыз күні Шымкент қаласының аумағында "Найза-терроризмге қарсы-2023" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын.
“Осыған байланысты қалалық жедел штаб азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындауды сұрайды”, - делінген жазбада.