Шымкентте тимбилдинг форматында жарыс өтті

0
692

Ойыншылар шахмат, шашка және тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен жарысты.


Шымкентте тимбилдинг форматында жарыс өтті

Шымкентте тимбилдинг форматында өткен жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған, зағип және есту мүшелері зақымданған 70-ке жуық мүгедектігі бар азамат қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ойыншылар шахмат, шашка және тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен жарысты. Әрқайсысының спортқа деген ынта-қызығушылығы орасан.

Қатысушылар арасында Шымкент қаласының нөмірі 19-шы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің спортшылары да болды. Мақсат - ерекше жандардың белсенділігін арттырып, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.
Спорттық сайыс "Сізбен біз біргеміз" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әскербек Оспановтың бастамасымен өткізіліп отыр. Ұйымдастырушыға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығы мен Шымкент қаласы спорт басқармасы қолдау білдірген.
Жеке және командалық біріншіліктердегі жеңімпаздар медаль, кубоктар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тимбилдинг барысында сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жарысқа қатысушылар "Түркістан сарайының" "Берік пен Гүлнар" дуэты және әнші Тәттімбет Керейдің өнерлерін тамашалады.