Жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болады.
Шымкент қаласында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының Еңбекші ауданы ауымағында екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, «Оқушылар сарайында» өтіп жатқан жыр жаттау сайысына 34 мектептен 262 оқушы және 130 жетекші өтінім берген.
Нәтижесінде екінші кезеңнен жеңіп шыққан 3 оқушы қалалық байқауда бақ сынайды.
Сонымен қатар, бүгінгі жыр жаттау бәйгесінің жеңімпаздарына 1 орынға – 150 000 теңге, 2 орынға – 100 000 теңге, 3 орынға – 50 000 теңге ынталандыру сыйлықтары тағайындалған.
дереккөз: Шымкент қаласы іскі саясат басқармасы