Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық конкурс басталады

0
510

Конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек.


Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық конкурс басталады

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша қосымша конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымынан – 10 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтардан, сонымен қатар "Бақытты отбасы" бағыты бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар санаттары бойыныша да қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 12 қабатты №46,№47,№48 тұрғын үйлерде орналасқан. Жалпы 1-бөлмелі пәтер саны 18, оның ең үлкен аумағы 32,98 шаршы метрді құрайды.
Конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек, ал «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы жинақталуы тиіс. Конкурстан өткен қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделеді.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі.