​Шымкентте тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан ер адам қаза тапты

0
744

Оқиғаның нақты себептері анықталуда.


​Шымкентте тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан ер адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 14 желтоқсанында сағат 11-де болды. Шымкент қаласы Қызылжар шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан үй ішінен шыға алмай қалған 1994 жылғы ер адам қайтыс болды.

Оқиғаның нақты себептері анықталуда.
ERNUR.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышы немесе жылыту қазандығының жанындағы электр сымдары жанып, газ пешін балқытып, газдың ауаға тарауына себеп болуы мүмкін.
Өз кезегінде, газ қызметінің мамандары тұтынушыларды табиғи газды пайдалану кезінде тағы да өте мұқият болуға шақырады. Ол үшін:
- тұрғын үйді газға өз еркімен қосуға болмайды;
- «ҚазТрансГаз Аймақ» мамандарының келісімінсіз газбен жабдықтау схемасына өзгерістер енгізбеу керек;
- егер бөлмеде газдың иісі сезілсе, көгілдір отынды пайдаланбаңыз, газ бұрандасын жауып, терезелерді ашыңыз, 104 нөмірі арқылы мамандарды шақырыңыз.