Қала басшысы жауаптыларға орын алған кемшіліктерді мердігер мекеме тарапынан тез арада қалпына келтіруді тапсырды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендерді аралау барысында тұрғындардың шағымы бойынша Астана көшесіндегі №93 көпқабатты тұрғын үйде болып, жөндеу жұмыстарына қатысты өзекті мәселелердің шешімін қарастырды.
Қала басшысы жауаптыларға орын алған кемшіліктерді мердігер мекеме тарапынан тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Пәтерлердегі жылу мәселесін де назарға алған қала басшысы тұрғындарды үздіксіз, сапалы жылумен қамтуда нақты тапсырмалар берді. Қазір жертөледегі автоматтандырылған торапқа дейін 65 градус жылу берілуде.