Шымкентте Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

0
2 322

Е.Айтаханов: «Шымкент пен Түркістан облысының әкімшілік аумағы бөлінгенмен халқы бөлінбеген»


Шымкентте Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Шымкентте жергілікті және Жетісай қаласы мен Түлкібас ауданының тауар өндірушілерінің қатысуымен бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге 60-танастам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 86 млн. теңгеніқұрайтын 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өнімдер нарықтағы бағадан10-15 пайызға дейін арзан саудаланды.

Ал, жәрмеңкедегі ауыл шаруашылық өнімдерімен арнайы келіп танысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтін мұндай жәрмеңкелердітұрақты ұйымдастыру қажеттігіне тоқталып, Шымкент пен Түркістан облысының әкімшілік аумағы бөлінгенмен халқы бөлінбегенін, алдағы уақытта осы сынды бірлескен іс-шаралар жиі өткізіліп тұратынын атап өтті. Ал, ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелердің жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік беретіндігін айтады.


Айта кетейік, Түркістан облысының екі ауданы шымкенттіктерге ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдарын ұсынған. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келген тұрғындар Шымкент қаласының мәдениет басқармасы Түлкібас ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады.