Атқарылған жұмыстар жөнінде мәлеметтер келесі «Үй басқарушылар күніне» арналған жиында баяндалады
ERNUR.KZ. Шымкентте көпқабатты тұрғын үй, орам және көше басқарушыларымен жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданыәкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй, орам және көше басқарушыларымен дәстүрге сай «Үй басқарушылар күні» өткізілді.
Аталған жиналыс барысында тұрғындар өздерінің толғандырған сұрақтарымен ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті іс-шара жоспары бекітіліп, құзырлы мекемелерге жолданды.
Айта кетейік, атқарылған жұмыстар жөнінде мәлеметтер келесі «Үй басқарушылар күніне» арналған жиында баяндалатын болады.