сурет көрнекілік үшінERNUR.KZ. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап үйірмеге
қатыспайтын балаларды анықтау мақсатында ваучерлерді телефон арқылы анықтау
жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызыметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты.
2024 жылға 20 000 ваучерді қамтуға жергілікті бюджеттен 3 млрд 941 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда 121 өнім беруші, 18 451 ваучермен (37 үйірме түрімен) қамтылды. 2024 жылға жан басына шаққандағы шығармашылық үйірмелерді қаржыландыру бағдарламасы іске асатын ақпараттық жүйеге мемлекеттік сатып алу порталында хабарлама жарияланып қорытындысы күтілуде.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап үйірмеге қатыспайтын балаларды анықтау мақсатында оператор тарапынан белсенді ваучерлері ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың орналастырылуын, оның сапасын бақылау және нысаналы игерілуін зерделеу бойынша 2024 жылдың 19 ақпан мен 1 наурыз аралығында талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Құрылған топ құрамындағы Шымкент қаласының Прокуратура қызметкерлері, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшесі, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының орынбасары, өнім берушілердің өкілдері және басқарма қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.