​Шымкентте ұландықтар «Жас бүркіт – 2026» әскери-патриоттық сайысын өткізді

0
101

Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.


​Шымкентте ұландықтар «Жас бүркіт – 2026» әскери-патриоттық сайысын өткізді

Шымкент қаласында А. Байтұрсынов атындағы мектеп базасында ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Жас бүркіт – 2026» әскери-патриоттық спорттық жарысын өткізді.

Сайысқа қаладағы 12 мектептің оқушылары қатысты. Бағдарлама дене шынықтыру дайындығын және әскери-қолданбалы дағдыларды дамытуға бағытталған кезеңдерден тұрды. Қатысушылар тартылу бойынша күш сынасып, түрлі қашықтыққа жүгіруден және кедергілер жолағынан өтуден жарысты. Сонымен қатар, РХБҚ нормативтері мен АК-74 автоматын қолдану бойынша нормативтерді орындады.
Жарыстар тартысты әрі әсерлі өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша төрешілер алқасы үздіктерді анықтады: №68 мектеп командасы барлық кезеңдерде тұрақты нәтиже көрсетіп, сенімді түрде жеңіске жетті. Екінші орынды №90 мектеп командасы иеленді, ал құрметті үшінші орын Қазығұрт ауданының Еңбекші жалпы білім беретін мектебінің командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
6506 әскери бөлімі ТжӘҚЖ бөлімшесі бастығының көмекшісі майор Ербол Отарбаев мұндай іс-шаралардың жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтті:
«Бұл жарыстардың негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында патриотизмді, тәртіпті және әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру. Мұндай жарыстар еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін».
Ұйымдастырушылар командалардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, оқушылар мен ұстаздарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Бөлісу