Шымкентте «Ұлт Үні» керуен-байқауының іріктеу кезеңі өтті

0
718

Байқауға орыс, түрік, өзбек, татар, корей сынды ұлт өкілдерінен 82 үміткер қатысты.


Шымкентте «Ұлт Үні» керуен-байқауының іріктеу кезеңі өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоба екі кезеңнен тұрады: бүгінгі алғашқы кезеңде түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы үміткерлер іріктелді, енді екінші кезеңде этностар тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағынаудандарда концерттік бағдарламаларын ұсынады.
«Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, өнер саласында қазақ халқының өнерін танытуға өз үлесін қосқысы келетін этнос жастарын анықтау арқылы оларға қолдау көрсету.
Бүгінде қазақ даласында 100-ден астам этнос өкілдері Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырағының маңайына топтасып, ел игілігі жолындағы байыпты бастамаларға үлес қосуда. Этнос өкілдері қоғамның түрлі саласында қызмет атқарып, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолында лайықты еңбек етуде.
Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы 4 ауданда өтті. Жалпы, 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия 20 нөмірді таңдап алды. Бүгін осы жиырмалықтың қатарына енген өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.
Керуен-байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы марапатталады.