Фестиваль халықаралық ынтымақтастықты дамыту және достық байланыстарды күшейту жолындағы маңызды алаңға айналды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Наурыз мейрамы қарсаңында өткен Үнді шайы фестивалінің ашылу рәсіміне қатысты.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің ұйымдастыруымен өтіп, екі ел арасындағы мәдени диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.
Фестиваль халықаралық ынтымақтастықты дамыту және достық байланыстарды күшейту жолындағы маңызды алаңға айналды. Іс-шара барысында қатысушылар Үндістанның бай мәдениетімен, дәстүрлерімен және ұлттық ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды.
Шара барысында Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалаға және ұйымдастырушыларға іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірілді.
Мұндай бастамалар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға оң ықпал ететіні атап өтілді.


