Байқау бірнеше кезеңдерден тұрады.
ERNUR.KZ.Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» мен «Оқушылар сарайы» МКҚК ұйымдастыруымен, республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысына жауапты қала мектептерінің тәлімгерлері арасында қалалық «Үздік тәлімгер – 2024» байқауы өтті.
Байқау кезеңдері «Мен - балалық шақтың капитанымын» өзін-өзі таныстыруы, «Менің атқарған үздік жобам» үй тапсырмасы, «Өнерлінің- өрісі кең» өз өнерлерін көрсетеді. Сонымен қатар «Тәлімгер портфолиосы» құжаттары, жетістіктері, іс-шара материалдары т.б. бойынша қатысушылар бақ сынады.
Тартысты байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» №136 жоббм аға тәлімгері М.Қ. Әнуарбек, І орын - №138 жоббм аға тәлімгері А.Б.Жәрдембаева, ІІ орын - №32 жоббм аға тәлімгері А.Қ. Жаппаркулова мен №12 жоббм аға тәлімгері З.Х. Хидирова., ІІІ орын - №29 жоббм аға тәлімгері С.М.Сүгірәлі, №112 жоббм аға тәлімгері Ш.Т.Нуржанова және ЖШС "Жалын" жббм аға тәлімгері А.Т. Режепова, «Креативті тәлімгер» номинациясымен №121 жоббм аға тәлімгері Н.А. Уакбаева, «Өнерлі тәлімгер» номинациясымен №96 жоббм аға тәлімгері С.Б. Орашова, «Көрермен көзайымы» номинация №111 жоббм аға тәлімгері М.Н. Шукиралиева иеленді.
Барлық жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Оқушылар сарайы «Тәлімгерлер мектебінің» жетекшісі Г.Тулеметова Алғыс хатпен марапатталды.
Еске салсақ, байқау педагогикалық тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін анықтауға, облыстың білім беру ұйымдарында мұғалім-тәлімгерлер қызметінің тиімділігін арттыруға және жандандыруға, жас педагогтерді білім беру жүйесінде бекіту мақсатында бейімдеу үшін жағдай жасауға бағытталған.