​ШЫМКЕНТТЕ ВЕЛОМАУСЫМ РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАЛДЫ

0
100

Наурыз алаңынан Атшабар аумағына дейін жаппай велошеру өтіп, оған 150-ге жуық қала тұрғыны қатысты.


​ШЫМКЕНТТЕ ВЕЛОМАУСЫМ РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында веломаусымның ресми басталуына арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.

Шараны Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Салтанатты жиын аясында Наурыз алаңынан Атшабар аумағына дейін жаппай велошеру өтіп, оған 150-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Қатысушылар қатарында жастармен бірге түрлі жастағы тұрғындар мен спорт сүйер қауым болды. Олар белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен спорт дирекциясының директоры Бауыржан Тұманбаев қатысып, жиналған қауымға ізгі тілектерін білдірді және веломаусымның табысты өтуіне сенім білдірді.
Аталған шара қаладағы спорттық белсенділікті арттыруға серпін беріп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуға үндеді.
Бөлісу