Шымкентте заңсыз салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды

0
646

Заңсыз құрылыс салушыға 2 млн теңге айыппұл салынды


Шымкентте  заңсыз салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Себебі, текскеру барысында «Комфорт building» құрылыс компаниясының сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды.

Сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс басшысы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасынан рұқсат алуы керек. Осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет еді.

Содан кейін ғана құрылысты бастауға болады. Ал бұл құрылыс компаниясында жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы жасалмаған болып шықты. Сондықтан заңсыз құрылысты тоқтатып,

Бұл жер телімі құрылысты салушыға айырбастау арқылы өткен. Құрылыс нормалары бойынша аталған жер теліміне биік қабатты нысан салуға сәйкес келмейді. Себебі көп қабатты үйлерге қажетті арақашықтық кемінде 50 метр болуы керек.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов құрылыс алаңына барып, тұрғындардың уәжін тыңдады. Нәтижесінде ҚР Заңнамасына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Мұнда тұрғындардың өтініші бойынша гүлзары немесе әмбебап спорт алаңы салынады.