Шымкентте жалпықалалық сенбілікке 20 мыңға жуық тұрғын қатысты

0
519

Жалпықалалық сенбілікте Шымкент қаласы 2410 текше метр қоқыстан тазартылды.


Шымкентте жалпықалалық сенбілікке 20 мыңға жуық тұрғын қатысты

Дүниежүзілік тазалық күніне" орай өткен жалпықалалық сенбілікте Шымкент қаласы 2410 текше метр қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалық шарасына Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, "Шымкент" ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады.

Аталған сенбіліктің мақсаты - жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру.

Сенбілікте қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, контейнерлерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.

Тазалық шарасында мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындар өз үлестерін қосты.

Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша сенбілікке шыққан 5 мыңнан астам азаматтың 1 мыңға жуығы белсенді жастар.

Сенбілікке қатысушылар қаланың барлық аумағында, саябақтар мен гүлзарларды, аула және көшелерді, арық-атыздарды қоқыстан тазартуда. Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша сенбілікке шыққан 5 мыңнан астам азаматтың 1 мыңға жуығы белсенді жастар.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша тазалық күніне 20 мыңға жуық адам және 204 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, «Дүниежүзілік тазалық күні» — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелер қоқыстардан тазаланады. Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықты экологиялық сауаттылыққа баулу.

Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық әлемдік экологиялық акцияға қатысушы ретінде, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.