Шымкентте жаңа теміржол вокзалы салынады

0
1 286

Бозарық елді мекені жағынан жаңа нысан бой көтеруі тиіс.


Шымкентте жаңа теміржол вокзалы салынады

Шымкент қаласының шетінде жаңа теміржол вокзалы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.

- Биыл теміржол вокзалын «ҚТЖ»-дан қабылдап алдық. Десе де бұл вокзал халқының саны өсіп бара жатқан Шымкентке лайық емес. Сол үшін ҚТЖ-да арнайы жобалық-сметалық құжат жасалды. Оның күрделі жөндеуі мен көркеюуіне 6,2 млрд теңге қажет. Біз қазір жоспар құрып отырмыз. Қала жоспары бойынша шаһардың солтүстік бағытына заманға сай жаңа теміржол вокзалы салынуы керек. Сөйтіп, теміржолды қаладан шығарып, Бозарық елді мекені жағынан жаңа нысан бой көтеруі тиіс, - деді Мұрат Әйтенов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Шымкент қаласының әкімі бұл мақсатта қазір тендер өткізіліп жатыр.

- Тендер аяқталып, жеңімпаз айқындалуы керек. Егер жаңа теміржол вокзалы салынса, қазіргі вокзалға тек жөндеу жүргізіп, оны өзінің талаптарына сай келтіреміз. Сондықтан қазіргі вокзалға күрделі жөндеу жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Алдағы жарты жылда нақты шешім қабылданады, - деді қала әкімі.