Шымкентте жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0
424

Жылына 4 рет, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында жүргізіледі.


Шымкентте жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкентте кенелерге қарсы залалсыздандыру шаралары бүгінде қаладағы 5 аудан аумағында жалғасуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 4 рет, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында жүргізіледі.

Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі де мүмкін. Кәсіпкерлер мен жеке үйлердің иелері залалсыздандыруды өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Қазір жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылуда. Бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы 4 636 911 шаршы метр қора-жай, буферлік аумақ, саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандырылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілінде атқарылады. Жоспарға сәйкес, масаға қарсы залалсыздандыру шаралары қала аумағындағы 45 гүлзар, 12 саябақ, 35 өзенде және 2 су қоймасында жасалады.
Бөлісу