Шымкентте жас ұрпақты ынтымақ мен бірлікке тәрбиелейтін семинар өтті

0
184

​«ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ», «ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ», «ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК»


Шымкентте жас ұрпақты ынтымақ мен бірлікке тәрбиелейтін семинар өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебінде «ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ», «ҰЛТ АРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ» «ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлыққа, суицидке жол берме, қыздар арасындағы ертежүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мамандармен кездесу өтті.

Кездесуге Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері, Шымкент қаласы Ішкі Істер Департаментінің Еңбекші ПБ ЖПҚБ- ЮПТ УПИ полиция өкілі, Шымкент қаласының №6 теннис спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Олимпиадаға ізбасарлар дайындау мектебінің өкілі, №6 теннис спорт мектебінің аға жаттықтырушылары мен жеңімпаздары және 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде тақырыпқа сай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеш соңында жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында үстел теннисінің спорт шебері Халықаралық жарыстардың жүлдегері Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы Ералхан Дулат оқушыларға өнеге ретінде шеберлік сабағын өткізді. Мектеп директоры Арыков Кайрат Тулегенулы да оқушыларға шеберлік сабағын көрсетті. Білім алушылар үстел теннисіне қызығушылығы артып, шеберлік сабақтан көптеген құнды мағлұматтар алды. Кеш соңында оқушыларымыз қонақтармен естелік суретке түсіп, өз алғыстарын білдірді.
Бөлісу