Шымкентте ​«Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өтті

0
357

Кездесуге “Заң талабы” құқық қорғау орталығының психолог маманы Ақбота Хамитова қатысты.


Шымкентте ​«Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласында «Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғау» тақырыбында семинар-тренинг жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара Шымкент қаласы Абай ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты, құқықбұзушылықтың алдын алу және бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып жағымды психологиялық эмоция қалыптастыру.

Кездесуге “Заң талабы” құқық қорғау орталығының психолог маманы Ақбота Хамитова және «Мирас» колледжінің студеттері қатысты.