Шымкентте жастар арасында спорттық турнир өтіп жатыр

0
1 080


Шымкентте жастар арасында спорттық турнир өтіп жатыр

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектепте спорттың 5 түрінен 44 команда (волейбол, үстел тенисі, кіші футбол, шахмат және тоғыз құмалақ) өзара бақ сынасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Турнирге қаламыздың шалғай елді мекендерінің жастары қатысып жатыр.
Жобаның мақсаты - шалғай елді мекендерде жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт түрлерін оқушылар арасында насихаттау, жастар арасында нашақорлыққа және есірткі қарсы күресті насихаттау.
Жастарға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру жолындағы жобалар сан қырлы. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, қаламыздың шалғай елді мекендерінің жастар үшін спорттық жарысы ұйымдастыру қолға алында.
Нәтижесінде спортқа қызығушы жастардың қатары артып келеді.
Бүгінгі турнирдің жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.