14-28 жас аралығындағы жастарға «Жастар мәслихатының» депутаты атануға мүмкіндік бар.
Шымкент қаласында алғаш рет құрылғалы жатқан Жастар мәслихатының депутаты болу үшін кандидаттыққа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәслихатқа мүше болған азаматтар - қала жастарының өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстар жолдайды. Жастар мәслихатына Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады.
Жалпы мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылады. Кандидаттардан құжаттарды қабылдау 3-12 маусым күндері аралығында жүреді.
Ал, 13-15 маусым күндері үміткерлерге дауыс беру Telegram (t.me/jastarmaslihaty) әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылады.
Дауыс беру нәтижесінде, «Жастар мәслихатына» 29 депутатты, ал резервке 11 депутатты көпшілік дауыспен анықтайды. Аталған тәртіптің заңдылығын сайлау комиссиясы қадағалайды.
Құжат қабылдау сілтемесін @resurstyq_ortalyq парақшасынан таба аласыздар. Сұрақтар бойынша: +7 701 381 2892