Іс шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында мазасыздық деңгейін анықтау және психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру көмек беру.
Шымкент қаласында жастардың қатысуымен арт терапиялық жаттығулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Қаратау аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға "Политехникалық" колледжі студенттері қатысты.
Кездесуге Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы "Әйелдер , және отбасы - демографиялық саясаты" жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы қатысты.
Іс шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында мазасыздық деңгейін анықтау және психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру көмек беру.