Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Қазығұрт шалғай елді- мекенінде өтті.
Шымкент қаласында шалғай елді-мекендерде орналасқан жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан құрылған "Мобильді тобы" мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттандыру жұмыстары Абай ауданына қарасты Қазығұрт шалғай елді- мекенінде өтті.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты "Жастардан жастарға - ақпараттық керуен" жобасы аясында шалғай елді- мекендерде орналасқан жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.