Қаланың су бұру жүйелері, құдықтар мен таза су қабылдайтын арық желілері қадағалауда.
ERNUR.KZ. Шымкентте 16 сәуір күні толассыз жауған жаңбыр салдарынан Сайрам көшесіндегі кейбір ғимараттарды су басты.
Бірақ жағдай тез арада қалыпқа келтірілді. Қаладағы барлық ауданға қарасты коммуналдық мекемелер су тасқынының алдын алу және нөсер жаңбырдан болатын қауіпті азайту мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Ал, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы жаңбыр суының деңгейі үнемі бақылауда дейді. Сондай-ақ мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына судың кедергісіз өтуі үшін арықтарды, кәріз желілерін және каналдарды таза ұстап, қоқыс тастамауды сұрайды.