Шымкентте жер қатынастары саласындағы жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда

0
72

2026 жылға бөлінген қаражат мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және басқарманың қызметін қамтамасыз ету бағыттарына жұмсалуда.


Шымкентте жер қатынастары саласындағы жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы 2026 жылдың бекітілген жоспарлары мен индикаторларына сәйкес жер қатынастары саласында кешенді жұмыстарды жүзеге асыруда.

Басқарма қызметі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, жер ресурстарын тиімді басқаруға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Басқармада бекітілген штаттық құрылымға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер өз міндеттерін атқаруда. Сонымен қатар, жобалық кеңсе аясында жоспарланған бюджет пен I-komek индикаторлары бойынша жұмыстар белгіленген жоспарға сай орындалуда.
Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды. Қала бес ауданға бөлініп, тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және өзге де мақсаттағы аумақтарды қамтиды. Жер қорының есебі тұрақты түрде жүргізіліп, жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
2026 жылға бөлінген қаражат мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және басқарманың қызметін қамтамасыз ету бағыттарына жұмсалуда. Бөлінген бюджет қаражатын жыл соңына дейін толық әрі сапалы игеру жоспарланған.
Жыл басынан бері басқармаға келіп түскен өтініштер мен арыздарға заңнама талаптарына сәйкес уақтылы жауап берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында мыңдаған өтінім қабылданып, тұрғындарға қызмет көрсетілді. I-komek бірыңғай байланыс орталығы арқылы келіп түскен өтініштер де жедел қаралып, тиісті жауаптар ұсынылды.
Осы кезеңде қала әкімдігі тарапынан жер учаскелерін мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұрғын үй құрылысына беру, сондай-ақ жердің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты бірқатар қаулылар қабылданды. Бұл жұмыстар қаланың тұрақты дамуына және инвестициялық белсенділікті қолдауға бағытталған.
Бөлісу