Шымкентте жергілікті тұрғындардың арызы бойынша жұмыстар жүріп жатыр

0
662


Шымкентте жергілікті тұрғындардың арызы бойынша жұмыстар жүріп жатыр

Биліктің бұқараға барынша жақын болуы мақсатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантин кезеңіне дейін, яғни қаңтар-наурыз аралығында халықпен 7 рет жүздесіп, 186 тұрғынды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әкімнің қабылдауына келген 108 азаматтың мәселесіне түсіндірме жауаптар берілсе, 75 азаматтың мәселелері шешім тапқан. Ал 2 азаматтың мәселесін шешу ұзақ мерзімдік бақылауға қойылған.

Айта кету қажет, қаланың жомарт азаматтарының арқасында жеке қабылдауға қатысқан 16 азаматқа медициналық құрал жабдықтарды (қол арба, ортопедиялық аяқ киім, көзілдірік), дәрі-дәрмек, ота жасатуға ақшалай көмек берілді. Құжаттарын рәсімдей алмай жүрген 15 азаматтың мәселесі шешіліп, заңгер көмегі берілді.

Қала басшысы Мұрат Әйтенов енгізілген карантиндік шараларға сәйкес азаматтарды онлайн байланыс арқылы қабылдап, тікелей эфирге шығу жолын қолға алды. Аптаның әр жұмасында өтіп жатқан онлайн қабылдауында 26 азаматтың өтінішін тыңдап, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасарлары жыл басынан 266 азаматты қабылдап, өтініштер негізінде жұмыстар атқарды.