​Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

0
62

Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.


​Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Шымкенттің жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар Сайрам тұрғын алабында да жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда Ю. Сареми көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Бұл тұрғындар үшін күнделікті жол қатынасын жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды жоба" дейді мамандар.

Ю.Сареми көшесінің жөнделетін бөлігінің ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайды.
Жоба аясында жолдың тозған жабынын жаңарту, көлік қозғалысын ретке келтірумен қатар, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Көше бойына заманауи жарық жүйелері орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салынады. Жөндеу аяқталған соң көлік қозғалысын екі жолақ бойынша ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Жолдың сапасын арттырумен қатар, көшенің инженерлік құрылымы және абаттандыруды да ретке келтіру назарда.
Ю.Сареми көшесі Сайрам тұрғын алабының бірқатар әлеуметтік және қоғамдық нысандары орналасқан аумағымен байланысты. Көшеде Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі мен Шымкент аграрлық-техникалық колледжі секілді нысандар бар. Сондықтан жолды жаңарту көлік жүргізушілерімен қатар, оқушылардың, студенттердің және тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына да оң әсерін тигізбек. Жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, биыл Шымкентте жол инфрақұрылымын дамытуға 42,3 млрд теңге қарастырылып, бұдан бөлек 150 шақырым қалалық жолды асфальттау жоспарланған.
Бөлісу