​Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды

0
134

12 автокөлік айыптұраққа қойылды.


​Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды

Шымкент қаласында той автокортеж жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы тоқтатылды.

Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген.
Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік құралдары анықталып, құқық бұзушылықтар тоқтатылды.
Барлық жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
Полиция ескертеді: жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейді. Қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
Бөлісу