Шымкентте жол сапасын тексеру барысында 984 кемшілік анықталды

0
2 021

Жолдардағы жөндеу жұмыстары 5 кезең бойынша жүргізілуде.


Шымкентте жол сапасын тексеру барысында 984 кемшілік анықталды

Шымкентте жол сапасын тексеру барысында 984 кемшілік анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте 2019 жылдан бастап жолдардағы жөндеу жұмыстары 5 кезең бойынша жүргізілуде.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл 406 сараптама жүргізіліп, оның 22 сараптамасы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп атқарылған.
Тексеру барысында 984 кемшілік анықталып, оның 930-ы жойылды. Қалған 54 кемшілік бойынша жұмыстар атқарылуда.