Аталған шаралар 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды.
Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан айтты.
Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Жоспар бойынша әр күнге өзіндік атаулар беріліп, атауларға сәйкес мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Жоспар негізгі 6 бағытқа бөлінді.
Олар:
Олар:
- «Ұлттық құндылықтарды дамыту бағыты» - 15 іс-шара;
- «Білімді жастарды қолдау бағыты» - 13;
- «Мәдениет саласын дамыту» - 22;
- «Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру бағыты» - 8;
- «Азаматтарды әлеуметтік қолдау бағыты» - 7;
- «Мерекеге орай ашылатын нысандар» - 31.
Сонымен қатар, әр күннің өзіндік атауларын Тәуелсіздік жылдарымен байланыстыра отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-та кеңінен насихаттау жүргізіледі.