Шымкентте жүргізушілерді медициналық бақылау жүйесі жаңартылды

0
107

Қоғамдық көлік пен арнайы техника жүргізушілері рейске шығар алдында және рейстен кейін арнайы смарт-терминалдар арқылы тексеруден өтеді.


Шымкентте жүргізушілерді медициналық бақылау жүйесі жаңартылды

Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізу жүйесі толық автоматтандырылды.

Рөлдегі азаматтардың денсаулығын бақылау процесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіліп отыр.

Қоғамдық көлік пен арнайы техника жүргізушілері рейске шығар алдында және рейстен кейін арнайы смарт-терминалдар арқылы тексеруден өтеді. Бұл жүйе адамның қан қысымын, дене қызуы, жүрек соғысы секілді негізгі медициналық көрсеткіштерді жылдам анықтап, нәтижені автоматты түрде тіркейді.
Жаңа жүйе жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, адам факторынан туындайтын тәуекелдерді азайтуға және медициналық бақылаудың сапасын күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тексеру процесі ашық әрі тиімді форматта жүзеге асырылады.
Цифрлық технологияларды енгізу Шымкент қаласының қоғамдық көлік саласындағы қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.
Бөлісу