Іс-шара барысында жылумен жабдықтау саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша практикалық тәжірибелер талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жылу энергетикасы саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне арналған іс-шара өтті.
Энергетика министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жылу желілерін цифрландыру: диагностика және жасанды интеллект» тақырыбындағы семинар-кеңеске министрліктердің, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өңірлік басқару органдарының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жылумен жабдықтау саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша практикалық тәжірибелер талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс энергетика саласын цифрлық трансформациялау Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын және жекелеген автоматтандырудан цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын кешенді енгізуге көшуге бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ вице-министр Astana Hub-та тіркелген IT-компаниялар мен жасанды интеллект технологияларын әзірлеушілердің қатысуымен AI-Альянсты қалыптастыру мәселесіне арнайы тоқталды.
– Энергетика министрлігі үшін жасанды интеллект жай ғана технологиялық тренд емес, саланың тиімділігін арттырудың, шығындарды азайтудың және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін күшейтудің нақты құралына айналуы маңызды, – деді вице-министр.


