Шымкенттегі емханалар SMART жүйесімен жұмыс істейтін болады

0
741

Емханаларды цифрландыру – бұл науқастардың сапалы және жылдам қызмет алуына көмектеседі.


 Шымкенттегі емханалар SMART жүйесімен жұмыс істейтін болады

№3 қалалық емханада цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі айдан бастап «өз-өзіне қызмет ету» бұрышы ашылып, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Позилов мәлімдеді.

- Емханаларды цифрландыру – бұл науқастардың сапалы және жылдам қызмет алуына көмектеседі. Емханаға келушілер кімнен көмек алсам болады, қайда барамын деп жүрмейді. Бірден «бір терезеге» барып, өз мәселесін шеше алады. Ол біздің мамандардың жұмыстарын да айтарлықтай жеңілдетеді, - деді Бақытжан Позилов.
Шымкентте келесі айдан бастап №3 қалалық емхана цифрландыруға көшеді. Одан соң №5 емхана SMART жүйесіне көшеді. Бұл мекемелер толықтай цифрландырылса, жергілікті халық өз мәселелерін оңай шешетін болады. Мамандарға қоятын сұрақтарын үйде отырып-ақ жауаптыларға жолдай алады.