Аталмыш әуе компаниясы 15 шілдеден бастап тағы 4 жаңа бағытты іске қосады.
Шымкенттен «Fly Arystan» қазақстандық лоукостерімен Қазақстанның 9 қаласына ұшып баруға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде компания Қазақстан ішінде ұшу сапарларын қолжетімді етіп отыр.
Мәселен, 13 мамырдан бастап қалада ішкі әуе рейстері ашылған болатын. Шымкент қаласынан Атырау мен Ақтау қалаларына билет бағасы 9999 теңгеден басталады. Ақтөбеге 8999 теңгеден басталатын рейстері бар. Алматыға билеттері 4999 теңгеден басталса, Нұр-Сұлтанға 6999 теңгеден басталатын рейстер күнделікті орындалып жатыр.
Бұлардан өзге, әуе компаниясы 15 шілдеден бастап тағы 4 жаңа бағытты іске қосады.
15 шілдеден:
- Қостанайға аптасына 2 рет, бағасы 7999 теңгеден басталады.
1 тамыздан:
- Қарағандыға аптасына 3 рет, билет құны 6999 тг-ден бастап;
- Павлодарға аптасына 2 рет, билет құны 7999 тг-ден бастап;
- Өскеменге аптасына 2 рет, билет құны 7999 тг-ден басталады.
Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес ұшу барысында санитарлық карантин бақылау бөлімінің мамандары жолаушыларды байланыссыз термометр арқылы тексеруден өткізеді.
Сондай-ақ, жолаушылардың барлығында қолғап пен медициналық маскада болуы қажет