Шымкенттен солтүстікке 20 тонна көмек жөнелтілді

0
352

Гуманитарлық көмекті жинастыруға 100–ге жуық ерікті жәрдемдесті.


Шымкенттен солтүстікке 20 тонна көмек жөнелтілді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы тарапынан елдің су басқан өңірлеріне жәрдем ету шаралары әлі де жалғасуда.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Іскер әйелдер қауымдасты мүшелері құны 20 миллион теңгеден асатын осынша тонна гуманитарлық көмекті Солтүстік өңіріне жөнелтті.

Жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешектен бөлек күнделікті пайдалануға қажетті тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттар, төсек жабдықтары бар. Кәсіпкерлер гуманитарлық көмек ретінде өздері өндіретін тамақ өнімдері мен су тасқынымен күресте қолданылатын бұйымдарды, су сорғыларын, құрылыс тауарлары қосқан. Гуманитарлық көмекті жинастыруға 100–ге жуық ерікті жәрдемдесті.