Шымкенттік балуандар қазақ күресінен топ жарды

0
950

Біріншілікте еліміздің 500-ге жуық спортшысы бақ сынады.


Шымкенттік балуандар қазақ күресінен топ жарды

Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында шымкенттік балуандар жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған біріншілікте еліміздің 500-ге жуық спортшысы бақ сынады.

Ел чемпионатының алғашқы күнінде ерлер 100 келі, әйелдер +77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұл белдесуде ерлер сайысында үш орынды да шымкенттік спортшылар қанжығаларына байлады. Ерсұлтан Мұзаппаров 1-орын, Марат Байқамұров 2-орын, Абылайхан Бейсен үздік үштікті түйіндеді. Ал әйелдер арасында біздің жерлестер Албина Бахиева алтын жүлде алып, Замзагүл Файзоллақызы қоланы місе тұтты.
Жарыстың екінші күнінде 74 келі салмақта белдескен жерлестеріміз Жұмажан Қожамбеков 1-орын, Әділет Ахметқали 3-орынға қол жеткізді.
Дүбірлі доданың қыза түскен күнінде түйе балуандар арасындағы сайыста шымкенттік спортшы Марат Байқамұров қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Нәтижесінде, күнгейлік спортшылар бозкілемде мықты екендіктерін көрсетті.
Айта кетейік, қазақ күресінен ұлттық құрама мүшелері осы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жасақталады.