Чемпионатта Шымкент қаласының намысын 4 спортшы қорғады.
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында 2026 жылдың 30 наурызы мен 10 сәуірі аралығында ауқымды халықаралық спорт сайысы өтті.
World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы құрлықтық чемпионатқа Азияның 20-дан астам елінен 200-ден аса былғары қолғап шебері қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.
Чемпионатта Шымкент қаласының намысын 4 спортшы қорғады. Ақтық сынға дейін жеткен Төрехан Сабырхан күміс жүлдеге ие болса, ағасы Махмұд Сабырханға қола жүлде бұйырды.
Жарыс World Boxing ұйымының техникалық талаптарына сай өткізілді. Ұпай есептеу жүйесі халықаралық стандартқа сәйкес 10 ұпайлық жүйе (Ten Point Must System) негізінде жүргізілді.
Айта кету керек, биыл алғаш рет ерлер мен әйелдер арасындағы сайыс бір мезетте біріктіріліп өткізіліп отыр.


