Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алып шықты

0
2 215

Оған қоса, салмағы 5 келі ұл бала дүниеге келген.


Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алып шықты

Шымкентте дәрігерлер 41 жастағы жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Атап айтсақ, 1978 жылы туған әйел 27 қыркүйек күні Шымкент клиникалық бірінші ауруханасына жеткізілген және науқас жүктіліктің 36-37-аптасында болған. Сондай-ақ, дәрігерлер айы-күні жақындап қалған аяғы ауыр әйелдің бауырының оң жағын тексеру нәтижесінде 19 сантиметр эхинококок кистасы бар екендігін білген.

«Ішінде шаранасы бар әйелдің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлерге бауырда пайда болған бір уыс құртты алып тастау қажет болған. Сондықтан медицина мамандары шұғыл түрде жүкті келіншекке ота жасап, іште пайда болған эхинокококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады», - деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, операция кезінде әйелдің толғағы басталып кетіп, ақ халаттылар ананың да, баланың да өмірін сақтап қалған және салмағы 5 келі ұл бала дүниеге келген. Осылайша, шымкенттік дәрігерлер бір мезетте екі күрделі ота жасаған. Басқарманың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта сәби мен анасының жағдайы жақсы.