Ақпанның бесінен алтысына қараған түні Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінде ерлі-зайыптының мәйіті табылған.
Шымкентте ақпанның бесінен алтысына қараған түні белгісіз біреулер ерлі-зайыптыны өз үйінде өлтіріп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Көршілерінің айтуынша, қылмыстық оқиға орын алған күні үйде ата-әжесіне қонаққа келген жасы кәмелетке толмаған немересі болған көрінеді. Белгісіз біреулер алдымен үй қожайынына оқ атқан екен. Бірақ оқ дыбысын естігендер болмапты. Одан кейін үй иесін пышақтап тастаған көрінеді. Жәбірленушінің зайыбын да суық қарумен жанды жерінен жарақаттапты. Алған ауыр дене жарақаттарынан жұбайлар оқиға орнында қайтыс болған. Аталған жәйт ҚР ҚК нің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Ерлі-зайыптының өліміне қатысты ҚР ҚК НІҢ 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәжірибелі полицейлерден жасақталған жедел тергеу тобы қылмыстық істі тергеп бастады. Қажетті арнайы сараптамалар тағайындалды. Күдіктілерді анықтау және құрықтау бағытында Шымкент қалалық полиция департаментінің құрылымдары жұмылдырылған. Тергеу прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын қадағалауда. Басқа ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жария етілмейді",-деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.